Жаңбыр генезисті сел қауіптілігінің күнделікті бюллетені

IconЖарияланды 11.04.2022

"Қазгидромет" РМК сел қауіпті кезеңде (мамыр-қыркүйек) қарқынды ұзақ жаңбырдың жаууымен туындайтын күделікті сел қауіпті бюллетенін (жұмыс күндері) шығаруды жүзеге асырады.

Қазақстан тауларында селдер қарқынды ұзақ жаңбырдың түсуінен; мореналық-мұздық кешендердегі су айдындарының (жер үсті және жер асты) жарылуынан; жер сілкіністерінен; жылдам ағатын ағындарға айналатын сырғымалардан; көлдерден суды ығыстыра алатын немесе тау өзендерінде жарылу қаупі бар бөгет жасай алатын құламалардан; адам әрекетінен (тау беткейлеріндегі топырақ-өсімдік жамылғысының бұзылуынан, тау беткейлеріндегі бау-бақша телімдерін бақылаусыз суландырудан және т.б.); тау өзендерінде күз-қыс мезгілдерінде ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде пайда болатын мұз жамылғысының көшкін тәрізді бұзылуынан туындауы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК қарқынды ұзақ жаңбырдың түсуінен туындайтын сел қауіптілігі туралы кеңес және болжам жасайды.

Сел қауіптілігі туралы кеңесті болжамшылар сел болжамдарын құрастыру үшін оған қойылатын талаптарды қанағаттандыратын әдістемемен қамтамасыз етілмеген кезде, сондай-ақ сел түзуші факторлардың сандық сипаттамалары туралы нақты ақпарат болмаған жағдайда беріледі.

Сел қаупі туралы кеңестер Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының сел қаупі бар аудандары үшін жасалады. Сел қаупі бар аудандарға: Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу, Қырғыз және Талас Алатауы, Өгем жотасы, Маңғыстау, Сауыр, Тарбағатай және Қазақстандық Алтай тауларының жоталары кіреді.

Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің (Іле Алатау жотасы) алаптары үшін "Қазгидромет" РМК әзірлеген әдістеме бойынша апатты жаңбыр генезисті селдерінің қысқамерзімді болжамдары жасалады. Осы сел алаптары үшін болжам жасау мүмкіндігі осы алаптардың аумағындағы метеостанциялар мен гидробекеттердің жеткілікті тығыздығының арқасында, гидрометеорологиялық жағдайлардың, алаптардың геологиялық-геоморфологиялық құрылымының, өсімдік жамылғысының зерттелгендігінен, сондай-ақ өткен сел құбылыстарының қалыптасу күндері, генезисі және ауқымы туралы сенімді ақпараттың болуына байланысты пайда болды.

Селдің қысқа мерзімді болжамдары күтілетін құбылыстың шындыққа жақын болатынына жеткілікті сенімділік береді. Бұл ретте ықтимал алдын ала ескерту мүмкін залалды азайту жөнінде шаралар қабылдау үшін жеткілікті.

Жылды таңдаңыз:
Мамыр
Icon 02.05.2024 Icon
Icon 03.05.2024 Icon
Icon 04.05.2024 Icon
Icon 06.05.2024 Icon
Icon 07.05.2024 Icon
Icon 10.05.2024 Icon
Icon 13.05.2024 Icon
Icon 14.05.2024 Icon
Icon 15.05.2024 Icon
Icon 16.05.2024 Icon
Icon 17.05.2024 Icon
Icon 20.05.2024 Icon
Icon 21.05.2024 Icon
Icon 22.05.2024 Icon
Icon 23.05.2024 Icon
Icon 24.05.2024 Icon
Icon 27.05.2024 Icon
Icon 28.05.2024 Icon
Icon 29.05.2024 Icon
Icon 30.05.2024 Icon
Icon 31.05.2024 Icon
Маусым
Icon 03.06.2024 Icon
Icon 04.06.2024 Icon
Icon 05.06.2024 Icon
Icon 06.06.2024 Icon
Icon 07.06.2024 Icon
Icon 10.06.2024 Icon
Icon 11.06.2024 Icon
Icon 12.06.2024 Icon
Icon 13.06.2024 Icon
Icon 14.06.2024 Icon
Icon 17.06.2024 Icon
Icon 18.06.2024 Icon
Icon 19.06.2024 Icon
Icon 20.06.2024 Icon
Icon 21.06.2024 Icon