Күн сәулесінің ұзақтығының жыл сайынғы бюллетені
Қазақстан Республикасының аумағындағы күн сәулесінің ұзақтығының жыл сайынғы бюллетенінің осы шығарылымында 2024 жыл бойынша еліміздің 15 әкімшілік облысындағы күн сәулесінің ұзақтығы жөніндегі негізгі ақпарат берілген.
Бюллетенде жылдық және маусымдық күн сәулесінің ұзақтығы, аномалиялары, облыстар бойынша маусымдық аномалия көрсеткіштері, бұлтты және ашық күндердің саны туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, күн сәулесінің кеңістіктік таралуын спутниктік талдау бойынша жасалған нәтижелері ұсынылған.
Бастапқы деректер
Бюллетеньді даярлау үшін РГП «Қазгидромет» Республикалық гидрометеорологиялық қорының материалдары пайдаланылды, оның ішінде:
Мақсаты
Күн сәулесінің ұзақтығының жыл сайынғы бюллетені мәліметтері күн радиациясы мен оның әсерлерін зерттейтін мамандар мен ұйымдарға, яғни энергетика саласының мамандары, экологтар, климатологтар, ғылыми және оқу орындары, ауыл шаруашылығы ұйымдары, денсаулық сақтау, туризм, транспорт, мемлекеттік басқару органдары және басқа да сәйкес келетін ұйымдарға арналған.