Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі жел мониторингісінің жыл сайынғы бюллетені

Жер бетіндегі жел мониторингісінің жыл сайынғы бюллетені

Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі жел мониторингісінің жыл сайынғы бюллетені шығарылымында 2024 жылы елдің 17 әкімшілік облысы бойынша жел режимінің негізгі сипаттамалары ұсынылған. Бюллетеньде желдің маусымдық ерекшеліктері, аномалиялары, қатты жел күндерінің саны, максималды жел екпіндері, сондай-ақ жыл ішінде орын алған желмен байланысты экстремалды метеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, жел сипаттамаларының көпжылдық өзгерістері және олардың сызықтық трендтің бағалау нәтижелері көрсетілген.

Бастапқы деректер

Бюллетеньді дайындау үшін Республикалық гидрометеорологиялық қоры, «Қазгидромет» РМҚ мәліметтері пайдаланылды, оның ішінде:

  1. желдің максималды жылдамдығы;
  2. қатты жел байқалған күндер саны;
  3. орташа жылдық жел жылдамдығы және күндер саны аномалияларының есептеулері;
  4. маусымдық аномалиялардың және 95-процентильден асатын күндер санының есептеулері;
  5. маусым бойынша орташа жел жылдамдығының көпжылдық тенденцияларының  есептеулері;
  6. маусым бойынша қатты жел байқалған күндер санының көпжылдық тенденцияларының есептеулері және сызықтық трендтердің бағалауы.

Мақсаты

Жер бетіндегі жел мониторингісінің жыл сайынғы бюллетені жел жүктемелерін бағалау және жер беті желінің әсерімен байланысты қызметпен айналысатын мамандарға, яғни жел энергетикасы мамандары, сәулетшілер, экологтар, географтар, сондай-ақ ғылыми және білім беру ұйымдары, мемлекеттік басқару органдары және басқа да сәйкес келетін ұйымдарға арналған.