«Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы

Аймақ:

Қостанай облысындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулардың қысқаша тарихы

1922 жылы Қостанай уезінде 4 метеостанция: Қостанай (1902 жылы ашылған), Львов тәжірибе алаңы (1910 ж.), Шолақсай (1913 ж.), Федоровка (1915 ж.) жұмыс істеді. Қазіргі облыс аумағындағы ең көне Торғай (1874 ж.) және Орқаш метеостанциялары болды, ол 1888 жылдан 1917 жылға дейін тұз кәсіпшілігі кезінде жұмыс істеді. 

Кейінгі жылдары Урицк (Сарыкөл), Қарасу, Құсмұрын, Наурызым (Қарамеңді), Жетіқара, Комсомолец (Қарабалық), Кенарал, Семиозерное (Әулиекөл) сияқты метеостанциялар ашылды. 1933 жылы Қостанай қаласында Облыстық метеорологиялық станция құрылды.

1951 жылы облыстық гидрометеорологиялық бюро (ГМБ) құрылды. Одан әрі ГМБ базасында Қостанай гидрометеорологиялық обсерваториясы, қазіргі «Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы құрылды.

60-жылдары Пресногорьковка, Михайловка, Диевка, Бестау, Аршалы, Есенкөл, Шевченковка және т.б. метеостанциялары пайда болды. Тобыл, Обаған, Аят, Үй, Тоғызақ өзендерінде гидрологиялық бекеттер ашылды.

Қостанай облысының метеорологиялық желісінде 19 метеорологиялық станция, Қостанай аэрологиялық станциясы, 19 гидрологиялық бекет, 8 агрометеорологиялық бекет, 1 метеобекет бар. 2012 жылдан бастап Алтынсарин және Әулиекөл аудандарында алғашқы автоматты станциялар – 6 агробекет және дәстүрлі қолданыстағы метеостанциялар аумағында 2 автоматты станция орнатылды. 1 автоматты станция аэрологиялық станция аумағында және Екідін метеостанциясында орнатылды.

Бұдан басқа, экологиялық мониторинг желісі де бар, Қостанай, Рудный қалаларында, Қарабалық кентінде экологиялық мониторингтің автоматты станциялары жұмыс істейді. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап жылжымалы зертхана іске қосылды.