«Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы

Аймақ:

«Қазгидромет» РМК-ны Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал).

Филиалдың штат саны- 199 бірлікті құрайды.

Қостанай облысының аумағында бақылау желісінің жалпы саны- 90 метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық станциялар мен бекеттерді құрайды, олардың ішінде:

  •  Метеорологиялық станциялар (МС) - 20 бірлік, (оның 11-і агрометеорологиялық бақылаумен);
  •  Агрометеорологиялық бекеттер-15 бірлік;
  •  Гидрологиялық бекеттер – 26 бірлік (оның ішінде 24 өзен, 2 көл);
  •  Атмосфералық ауаның ластануын бақылау пункттері-8 бірлік;
  •  Атмосфералық ауаның жай – күйін бақылау пункттері-10 бірлік;
  •  Экологиялық қол посттары-2 бірлік;
  •  Экологиялық автоматты бекеттер-8 бірлік;
  •  Жылжымалы экологиялық зертханалар-1 бірлік;

 

 

Филиалдың қызметі

Филиалдың негізгі қызметі мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуді, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Филиалдың негізгі міндеттері

  • Бақылау желісінің үздіксіз өндірістік қызметінің жұмысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
  • Мемлекеттік органдарды және басқа да мүдделі тұлғаларды гидрометеорологиялық ақпаратпен, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін (болжанатын) өзгерістері, қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Қоршаған ортаның жай-күйіне, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерге мониторинг жүргізу нәтижесінде алынған деректер қорын жүргізу.
  • Метеорологиялық бақылау желісі күн сайын ауа температурасына, топырақ бетінің температурасына және тереңдікке, желдің бағыты мен жылдамдығына, атмосфералық құбылыстардың ұзақтығымен түрлері, бұлттардың түрі мен санына, жауын-шашынның мөлшеріне, атмосфералық қысымды бақылауға 8 шұғыл бақылау жүргізеді.