Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
«Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал).
Филиалдың штаттық саны 102 бірлікті құрайды.
Маңғыстау облысы аумағындағы бақылау желісінің жалпы саны 27 метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық станциялар мен бекеттерді құрайды, оның ішінде:
* Дәстүрлі гидрометеорологиялық станциялар – 3 бірлік;
* Дәстүрлі метеорологиялық станциялар – 4 бірлік, оның 3-де қосымша агрометеорологиялық бақылау жүргізіледі;
* Автоматты метеорологиялық станциялар – 9 бірлік;
* теңіз гидрологиялық бекеттер – 4 бірлік;
* Ауа сапасын, қоршаған ортаның жай-күйін автоматты бақылау бекеттері – 5 бірлік;
* Ауа сапасын, қоршаған ортаның жай – күйін бақылайтын (қолмен) стационарлық бекеттер – 2 бірлік.
Филиалдың қызметі
Филиалдың негізгі қызметі мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Филиалдың негізгі міндеттері
Метеорологиялық бақылау желісі күн сайын ауа температурасына, топырақ температурасына, желдің бағыты мен жылдамдығына, атмосфералық құбылыстардың түрі мен ұзақтығына, бұлттардың балдағы түрі мен санына, жауын-шашын мөлшеріне, атмосфералық қысымға 8 мерзімді бақылау жүргізеді.