Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметіне сәйкес, Эль-Ниньо құбылысы қалыптасып, қазіргі уақытта күшейіп келеді. Құбылыстың шарықтау шегі 2026 жылдың соңына сәйкес келеді деп күтілуде. Бұл ретте оның жаһандық ауа райы мен климаттық процестерге әсері 2027 жылдың басында да сақталуы мүмкін.
Эль-Ниньо Тынық мұхитының тропиктік бөлігінде қалыптасады. Қазақстанның климатына оның әсері тікелей емес, Еуразия аумағындағы ауқымды атмосфералық циркуляцияның, циклондардың қозғалыс бағыттарының және ауа массаларының тасымалдану ерекшеліктерінің өзгеруі арқылы жанама түрде байқалады.
«Қазгидромет» РМК-ның 1951–2025 жылдар аралығындағы бақылау деректерін талдау Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің жекелеген аумақтарында Эль-Ниньо байқалған кезеңдерде суық маусымдағы жауын-шашынның таралуында белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетті. Бұл заңдылық Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында анағұрлым айқын байқалады. Елдің солтүстік өңірлеріне қарай бұл тәуелділік әлсірейді.
Сонымен бірге көпжылдық деректер негізінде анықталған заңдылықтар белгілі бір маусымдағы ауа райы жағдайларын нақты айқындамайды. Қазақстан аумағындағы ауа температурасы мен жауын-шашынның таралуы әртүрлі атмосфералық процестердің жиынтық әсеріне байланысты қалыптасады.
Қазақстан аумағында ауа температурасының Эль-Ниньо құбылысымен тұрақты байланысы анықталған жоқ. Елдің, әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерінің температуралық режимі Арктикалық және Солтүстік Атлантикалық тербелістердің жай-күйіне, Сібір антициклонының белсенділігіне және басқа да атмосфералық циркуляциялық процестерге көбірек байланысты.
ДМҰ ұсынған бағалаулар Эль-Ниньо құбылысының жаһандық климаттық процестерге ықпалын сипаттайды және Қазақстан аумағындағы нақты ауа райы жағдайларына жасалған болжам болып табылмайды.