Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылдың шілде айы Қазақстанда аптап ыстықпен және еліміздің бірқатар өңірінде тіркелген температуралық рекордтармен есте қалды.
Түркістанда ауа температурасы +47,6 градусқа дейін көтерілсе, Шымкентте 111 жыл бұрын тіркелген температуралық рекорд жаңарды.
Қазгидрометтің мәліметінше, шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–4 градусқа жоғары болды.
Алматыда 16–20 шілде аралығында бірден төрт температуралық рекорд жаңартылды. 16 шілдеде — +38 градус, 17 шілдеде — +39,2, 18 шілдеде — +40, ал 20 шілдеде — +41,5 градус тіркелді.
Шымкентте ауа температурасы +45,2 градусқа дейін жетті. 16 және 17 шілдеде 1915 жылғы рекордтар жаңарды — ол кезде ауа температурасы тиісінше +41,1 және +40,1 градус болған.
Астанада 14 шілдеде +38,6 градус, ал Өскеменде 16 шілдеде +39,7 градус тіркелді.
Қызылордада 17 шілдеде ауа температурасы +45,2 градусқа дейін көтерілсе, 18 шілдеде Түркістанда +47,6 градус тіркелді. 2019 жылғы алдыңғы рекорд +43,7 градус болған.
Сонымен қатар шілде айы тек аптап ыстықпен ғана ерекшеленген жоқ. Кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан бірнеше есе жоғары болды. Мысалы, Түркістан облысының Жетісай ауданында бір айда түскен жауын-шашын мөлшері нормадан 15 есе асып түсті.