Семей қаласындағы климаттың өзгеруі

Icon Жарияланды 15.05.2026
Семей қаласындағы климаттың өзгеруі

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Семей қаласындағы температуралық фон көпжылдық бақылаулар кезеңінде төмендегідей өзгерген.

Қаңтар — абсолюттік минимум -47.2 °C (1969 жыл), абсолюттік максимум 7.2 °C (1991 жыл).
Ақпан — абсолюттік минимум -45.3 °C (1931 жыл), абсолюттік максимум 7.2 °C (1963 жыл).
Наурыз — абсолюттік минимум -38.9 °C (1971 жыл), абсолюттік максимум 24.5 °C (2014 жыл).
Сәуір — абсолюттік минимум -26.1 °C (1969 жыл), абсолюттік максимум 33.9 °C (1956 жыл).
Мамыр — абсолюттік минимум -9.9 °C (1931 жыл), абсолюттік максимум 39.6 °C (2025 жыл).
Маусым — абсолюттік минимум -1.1 °C (1971 жыл), абсолюттік максимум 39.5 °C (1931 жыл).
Шілде — абсолюттік минимум 3.9 °C (1954 жыл), абсолюттік максимум 42.1 °C (1992 жыл).
Тамыз — абсолюттік минимум -1.0 °C (1978 жыл), абсолюттік максимум 42.5 °C (2002 жыл).
Қыркүйек — абсолюттік минимум -8.2 °C (1913 жыл), абсолюттік максимум 38.9 °C (1998 жыл).
Қазан — абсолюттік минимум -20.8 °C (1987 жыл), абсолюттік максимум 30.0 °C (1970 жыл).
Қараша — абсолюттік минимум -48.6 °C (1910 жыл), абсолюттік максимум 21.0 °C (2017 жыл).
Желтоқсан — абсолюттік минимум -45.8 °C (1938 жыл), абсолюттік максимум 7.8 °C (1955 жыл).

Қазгидромет мамандары климаттық жүйеге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, температуралық өзгерістер мен басқа да метеорологиялық көрсеткіштерді талдайды. Көпжылдық бақылаулар климаттық үрдістерді бақылауға, халықты уақтылы ақпараттандыруға және ықтимал климаттық қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз