Күзгі топырақты ылғалдандыру

Қысқа кетер алдындағы топырақтың өнімді ылғал қоры

2025 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген маршруттық тексеру нәтижелері бойынша Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде топырақтағы ылғал қоры қанағаттанарлық және оңтайлы деңгейде. Бұл өңірлердегі ылғал қорының қалыптасуына қазанда түскен жауын-шашын және күзгі маусымда буланудың бәсеңдеуі ықпал еткен.

Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында топырақ ылғалының қоры негізінен жеткіліксіз. Оңтүстік-шығыс аймақта топырақтағы ылғал қоры көбіне қанағаттанарлық және оңтайлы деңгейде. Түркістан және Жамбыл облыстарында ылғал қоры негізінен жеткіліксіз, кейбір аудандарда қанағаттанарлық деңгейде. Елдің шығысында топырақ ылғал қоры біркелкі бөлінбеген: жеткіліксізден қанағаттанарлыққа дейін, Алтай ауданында – оңтайлы деңгейде.