Natural debris flows and field experiments in Kazakhstan

Көптеген селдерді зерттеудің жаңа концепциялары Қазақ ғылыми зерттеу гидрометеорологиялық институтында әзірленген, бірақ қазіргі уақытқа дейін олар тек осы институттың орыс тіліндегі басылымдарында ғана қолжетімді болды.

2024 жылы Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Swiss Federal Institute for Forest, Snow and Landscape Research WSL институты мен бірлесіп «Natural debris flows and field experiments in Kazakhstan» жинағын шығарды. Бұл жинақ − 1976 жылдан 1992 жылға дейін Қазақ ғылыми зерттеу гидрометеорологиялық институтында жарияланған «Селевые потоки» жинағындағы орыс тіліндегі ғылыми мақалалардың ағылшын тіліндегі аудармалары.

«Natural debris flows and field experiments in Kazakhstan» жинағында «Іле Алатаудағы селдер», әсіресе мұздық көлдердің ақтарылуына байланысты болған селдер, және «Шамалған тәжірибелері» тақырыптары бойынша мақалалар жинақталған. Сонымен қатар, жинаққа селдік белсенділіктің тарихи эволюциясын қорытындылайтын және дала тәжірибелері кезінде алынған негізгі бақылауларға шолу жасайтын екі қосымша мақала енгізілген.

1972 жылдан 1978 жылға дейін жүргізілген Шамалған тәжірибелері қазіргі күнге дейін мамандардың қызығушылығы мен таңданысын тудырады. Бұл зерттеулердің нәтижелері селдерді болжау әдістерін әзірлеуде, олардың сипаттамаларын есептеуде, селге қарсы құрылымдар жобалау мен селдердің салдарын азайту шараларын жоспарлауда қолданылады. Шамалған тәжірибелері туралы фильм біздің YouTube арнамызда қолжетімді, оны келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=rlYNHqqGjPo.

Шетелдік мамандар үшін ғылыми қызығушылық тудыратын материалмен «Natural debris flows and field experiments in Kazakhstan» жинағында танысуға болады.