Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдын ала болжам бойынша, 2026 жылғы қараша айы жылы болады деп күтілуде. Ауа температурасы климаттық нормадан 2°С жоғары болады және жауын-шашын мол түседі деп болжануда (нормалар ауа райы бюллетенінің кестесінде көрсетілген).
Жауын-шашынның ең көп мөлшері солтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың шығыс бөлігінде және таулы аудандарында күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын аралас түрде (жаңбыр, қар, жаңбыр аралас қар) жауады. Солтүстік және шығыс өңірлерде, айдың басын қоспағанда, негізінен қар жауады деп болжануда. Айдың басында жаңбыр мен қар аралас жаууы мүмкін.
Бұдан бөлек, еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ құбылыстары, желдің екпінді соғуы, ал республиканың солтүстік жартысында көбіне бұрқасын болуы ықтимал.
Айдың басында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
Солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде 0…+5°С-қа дейін, күндіз +5…+16°С-қа дейін;
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: түнде +5…+15°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін.
Ал батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 0…−7°С-қа дейін, күндіз 0…+5°С-қа дейін. Оңтүстіктегі метеостанцияларда түнгі температура −2…+3°С, күндіз +3…+10°С шамасында болады деп болжануда.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа температурасы құбылмалы болады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстік жартысында түнгі температура −1…−13°С-тан −3…+5°С-қа дейін, күндіз +1…+10°С-тан 0…−8°С-қа дейін ауытқуы мүмкін.
Оңтүстік жартысында түнгі температура 0…−5°С-тан +2…+10°С-қа дейін, күндіз 0…+5°С-тан +7…+15°С-қа дейін құбылады деп болжануда.
Сонымен қатар жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы −10…−18°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.
Жауын-шашын мөлшері бойынша болжам:
Республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында;
Нормадан жоғары: солтүстікте, солтүстік-батыстың солтүстік бөлігінде және шығыста (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Абай облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында), сондай-ақ Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында және Жетісу облысында.
Консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, 2026–2027 жылдардағы қыс салыстырмалы түрде жылы, атмосфералық жауын-шашын мөлшері орташа болады деп күтіледі. Сонымен қатар елдің солтүстік-батысының, солтүстігінің, солтүстік-шығысының жекелеген аудандарында және Орталық Қазақстанда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болуы мүмкін.
Республика аумағының кей жерлерінде бұрқасын, желдің екпінді соғуы болжанады. Сондай-ақ көктайғақ құбылыстары мен тұман болуы ықтимал. Қыс бойы ауа температурасының күрт құбылуы да болжанып отыр. Бұл қар жамылғысының ішінде мұз қабатының түзілуіне ықпал етуі мүмкін.
Желтоқсан
Желтоқсан айында республиканың бүкіл аумағында орташа ауа температурасы климаттық нормадан 2°С жоғары болады деп күтіледі.
Жауын-шашын мөлшері бойынша болжам:
Республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында;
Нормадан жоғары: солтүстікте, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыстың солтүстік бөлігінде (Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар облысының басым бөлігінде, Қостанай және Ақмола облыстарының солтүстік жартысында, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында);
Нормадан төмен: Қызылорда облысының оңтүстігінде.
Қаңтар
Қаңтар айында республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2°С жоғары болады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстік-батыс жартысында, атап айтқанда Батыс Қазақстан облысында, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақмола облысының солтүстік-батыс жартысында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады деп болжануда.
Жауын-шашын мөлшері бойынша болжам:
Республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында;
Нормадан жоғары: Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында және Маңғыстау облысында;
Нормадан төмен: Қызылорда облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысының қиыр оңтүстік-шығысында, Қарағанды және Абай облыстарының қиыр оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстік жартысында.
Ақпан
Ақпан айында орташа ауа температурасы:
Климаттық нормадан 1–3°С жоғары: республиканың басым бөлігінде;
Климаттық норма шамасында: республиканың солтүстігі мен шығысында (Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-шығыс жартысында, Қостанай және Ақмола облыстарының солтүстігінде).
Жауын-шашын мөлшері бойынша болжам:
Республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары;
Климаттық норма шамасында: елдің батыс жартысында (Батыс Қазақстан, Атырау және Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау облысында, Ақмола облысының қиыр оңтүстік-батысында, Қарағанды және Жамбыл облыстарының қиыр батысында);
Нормадан төмен: Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Қызылорда облысының оңтүстік-батысында.