Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан–Қытай қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының трансшекаралық өзендер суларының сапасын мониторингтеу, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобының 13-отырысы және сарапшылардың 9-бірлескен семинары аясында «Қазгидромет» РМК Қытай Халық Республикасының делегациясы үшін таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
Сапар барысында қонақтар Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысымен танысып, Гидрометорталықта болды. Мұнда мамандар ауа райы болжамын әзірлеу үдерісі, гидрометеорологиялық жағдайға тәулік бойы жүргізілетін мониторинг және ауа райы процестерін талдауда қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтып берді.
Сондай-ақ делегация зертханаға барып, заманауи зертханалық жабдықтармен, жерүсті сулары мен атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау әдістерімен танысты.
Экскурсия барысында қонақтар «Қазгидромет» РМК мұражайын да аралап, онда Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің қалыптасу тарихы мен бақылау желісінің даму кезеңдері туралы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.