Ақмола облысында Қазгидромет мамандарына арналған көшпелі семинар өтті

IconЖарияланды 30.06.2026

24–25 маусым күндері «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалында агрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, деректерді өңдеу және бақылау мәселелеріне арналған көшпелі семинар өтті. Іс-шараға облыстық филиалдардың 14 инженері және Агрометеорологиялық мониторинг басқармасының мамандары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – мамандардың біліктілігін арттыру, практикалық дағдыларын жетілдіру және кәсіби тәжірибе алмасу болды. Сонымен қатар далалық бақылауларды жүргізу әдістемесі мен агрометеорологиялық деректердің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық сабақтар Зеренді метеостанциясы мен автоматты метеостанциясының бақылау учаскелерінде өтті. Қатысушылар топырақ ылғалдылығын анықтау әдістемесін пысықтап, дәнді және майлы дақылдарға агрометеорологиялық бақылаулар жүргізді. Сондай-ақ семинар аясында мамандар Зеренді ауданындағы «Unicorn Crops Limited» шаруа қожалығының егіс алқаптарына барып, агрометеорологиялық ақпаратты ауыл шаруашылығында қолдану ерекшеліктерімен танысты.

Мұндай көшпелі семинарлар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және алған білімдерін күнделікті жұмыс барысында тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз