Астана халықаралық университетінің студенттері «Қазгидромет» РМК қызметімен танысты

IconЖарияланды 08.06.2026

«Қазгидромет» РМК-ға Астана халықаралық университетінің «Су ресурстары және гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері келді.

Таныстыру экскурсиясы барысында болашақ мамандар еліміздің ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Студенттерге «Қазгидрометтің» қалыптасу және даму тарихы, қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдарды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтылды.

Сонымен қатар студенттер Гидрометеорологиялық орталыққа барып, ауа райы болжамдарын дайындау үдерісімен, синоптиктердің жұмысымен және атмосфералық процестер мен гидрологиялық жағдайды мониторингтеуде қолданылатын заманауи технологиялармен танысты.

Экскурсия барысында білім алушылар гидрометеорология, су ресурстары және экология салаларындағы мамандықтар туралы кеңірек мағлұмат алды.

Осындай кездесулер студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыруға ықпал етіп, болашақ мамандарға гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі саласындағы практикалық қызмет туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз