«Қазгидромет» РМК Бас директоры Алимбаева Данара Кизатовна Ресей Федерациясының Гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингілеу жөніндегі федералдық қызметінің басшысы Игорь Шумаков Анатольевичпен екіжақты кездесу өткізді

IconЖарияланды 24.04.2026

«Қазгидромет» РМК Бас директоры Алимбаева Данара Кизатовна Ресей Федерациясының Гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингілеу жөніндегі федералдық қызметінің басшысы Игорь Шумаков Анатольевичпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингілеу саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Гидрометеорологиялық деректермен алмасуға, болжау жүйелерін дамытуға және қауіпті табиғи құбылыстардың алдын алуға бағытталған бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыруды, заманауи технологияларды енгізуді және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірдің тұрақты дамуын қолдау мақсатында әріптестік қатынастарды нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендерін растады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз