Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК-де Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Селеста Саулоның, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің тұрақты өкілдерінің сапары өтті.
Сапар барысында қонақтар Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметімен танысты. Делегацияға «Қазгидромет» гидрометеорологиялық, климаттық және экологиялық ақпараттың негізгі ұлттық орталығы ретінде таныстырылды.
Бас хатшының ерекше қызығушылығын су мен ауа сынамаларына талдау жүргізілетін зертхана тудырды. Делегация мүшелері экологиялық және гидрометеорологиялық мониторингтің заманауи әдістерімен жан-жақты танысты.
Сондай-ақ делегация Гидрометеорологиялық орталыққа барып, онда жедел ауа райы болжамы жасалатынымен, сондай-ақ қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар әзірленетінімен танысты.
Сапар барысында халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және елдің тұрақты дамуын қолдаудағы «Қазгидромет» қызметінің маңызды рөлі атап өтілді.
ВМО Бас хатшысы мен тұрақты өкілдердің сапары гидрометеорология және климаттық мониторинг саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын тағы да растады.