Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Армгидромет пен Қазгидромет арасындағы жұмыс кездесуі

IconЖарияланды 11.03.2026

Армения Республикасының Қоршаған орта министрлігіне қарасты «Гидрометеорология және мониторинг орталығы» КЕҰ (Армгидромет) мен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Қазгидромет» РМК арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында 5 наурыз күні екі ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің мамандарының қатысуымен онлайн форматта жұмыс кездесуі өтті.

Армгидрометтің метеорология қызметінің басшысы Сона Айрапетян метеорологиялық қызметтің қызметі туралы презентация ұсынды. Баяндамасында қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен ұйымдық құрылымы таныстырылды. Атап айтқанда, Арменияда жүргізілетін метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулар, ауа райы болжамдарын дайындау әдістері, сондай-ақ пайдаланушыларды жедел метеорологиялық ақпаратпен, болжамдармен және ескертулермен қамтамасыз ететін «Armhydromet» мобильді қосымшасы туралы айтылды.

Өз кезегінде Қазгидромет тарапынан агрометеорологиялық қызмет көрсету мәселелеріне арналған презентация ұсынылды. Онда аграрлық секторға арналған агрометеорологиялық ақпарат пен сервистерді ұсынуға бағытталған AgriData мобильді қосымшасы таныстырылды.

Тараптар кәсіби диалогты жалғастыруға және қолданыстағы Меморандум аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендерін растады.

Армгидромет пен Қазгидромет арасындағы ынтымақтастық заманауи гидрометеорологиялық қызметтерді дамытуға, инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ екі ел арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз