Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы салқындайды

IconЖарияланды 18.02.2026

Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде қыс бойы әдеттен тыс жылы ауа райы сақталып тұрды. Алайда қыс – қыс, сондықтан жақын күндері ол өз күшін көрсетеді. Суық ауа массалары Қазақстанның оңтүстігі арқылы жылжып, жауын-шашынға (жаңбырдың қарға ұласуы), кей жерлерде қатты жауын-шашынға, желдің күшеюіне, көктайғақ құбылыстарына, сондай-ақ ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Күндіз және түнде термометр бағандары 2–7 градус жылы деңгейге дейін төмендейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз