Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында көктайғақ пен боран болады деп болжануда. Тек ҚР-ның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.