Караулан Валентина Евстафьевна 1963 жылы Украинадан Қазақстанға келген.
Одесса гидрометеорология институтының «метеорология және агрометеорология» факультетін бітіргеннен кейін ол жолдамамен Целиноград қаласына жұмысқа жіберіліп, инженерден бастап Целиноград гидрометеорологиялық обсерваториясының директоры лауазымына дейін еңбек жолынан өтті.
Валентина Евстафьевна әрдайым жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және жетілдіруге деген тынымсыз талпынысымен ерекшеленді. Ол өз ісіне адалдығы және адамгершілігі арқылы әріптестерінің құрметіне ие болды.
Зейнет жасына қарамастан, ол 2018 жылға дейін Гидрометқызмет жүйесінде еңбек етіп, жас мамандармен өз білімін және тәжірибесін аянбай бөлісіп отырды.
Кәсіпорынның басшылығы мен ұжымы оның қайтыс болуына байланысты терең қайғырып, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Валентина Евстафьевна туралы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады.