Бүгін, Республика күні қарсаңында, Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледж» ШЖҚ-на қарасты МКҚК студенттері «Қазгидромет» РМК-на танысу сапарымен келді. Экскурсия барысында болашақ мамандарға кәсіпорынның қызметі, елдің гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесіндегі рөлі туралы баяндалып, түрлі болжам түрлерінің қалай жасалатыны көрсетілді.
Сонымен қатар, экскурсия қатысушылары Гидрометорталыққа барып, күн сайын Қазақстанның барлық өңірлері үшін ауа райы болжамдарын жасайтын синоптиктердің жұмысымен танысты.
Мұндай кездесулер студенттердің білімін кеңейтіп, болашақ мамандығы туралы практикалық түсінік алуға және гидрометеорологиялық бақылаулардың маңыздылығын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.