Елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклонның әсері біртіндеп әлсіреп, ауа райы жағдайлары циклонның ықпалымен қалыптаса бастайды. Атмосфералық фронттардың өтуі нәтижесінде республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.
Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C дейін, күндіз -3…+5 °C дейін төмендейді. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.