Қазақстанның солтүстік жартысында ауа райын солтүстік-батыс циклоны анықтайды, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, 28–29 қыркүйекте жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік жартысында оңтүстік циклонмен бірге найзағайлы жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман болжанады.
28 қыркүйектен бастап суық антициклонның енуімен солтүстік аймақтарда, кейін оның республиканың оңтүстігіне қарай ығысуына байланысты елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Температуралық фон келесідей болжанады:
елдің батысында: түнде +3…+8 °C, күндіз біртіндеп +10…+18-ден +13…+22 °C-қа дейін көтеріледі;
оңтүстік-батыста: түнде +10…+15-ден +7…+12 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +13…+18-ден +18…+23 °C-қа дейін көтеріледі;
солтүстік-батыс және солтүстікте: түнде +3…+13 °C-тан –1…–6 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +10…+15 °C-тан +3…+10 °C-қа дейін төмендейді;
Павлодар облысы мен орталықта: түнде +5…+15 °C-тан +2…+7 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+28 °C-тан +7…+18 °C-қа дейін төмендейді;
шығыста: түнде +2…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін құбылады, күндіз +25…+30 °C-тан +20…+25 °C-қа дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде +10…+15 °C;
оңтүстікте: түнде +9…+18 °C-тан +5…+13 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+32 °C-тан +15…+28 °C-қа дейін төмендейді;
оңтүстік-шығыста: түнде +10…+15 °C, таулы аудандарда 0…+5 °C, күндіз +23…+30 °C, таулы өңірлерде +15…+20 °C күтіледі.