25–26 қыркүйек күндері Ташкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) бойынша Гидрометеорология жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отыз алтыншы сессиясы өтті. Оған «Қазгидромет» РМК Бас директоры Алимбаева Данара Кизатовна қатысты.
Іс-шара аясында ТМД мемлекеттері арасындағы гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту стратегиялары, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды болжау мен алдын алу мәселелері, сондай-ақ жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру шаралары талқыланды.
«Қазгидромет» РМК-ның Кеңес жұмысына қатысуы өңірлік және халықаралық әріптестікті дамытуға, сондай-ақ климат пен гидрометеорология саласындағы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға маңызды үлес болып табылады.