«Қазгидромет» РМК-де Орталық Азиядағы климаттық қауіпін басқару жөніндегі GIZ жобасы бойынша жұмыс кездесуі өтті

IconЖарияланды 24.09.2025

2025 жылғы 24 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК-де халықаралық GIZ жобасы – «Орталық Азия елдерінде трансшекаралық климаттық қауіп пен табиғи апаттар қауіпін басқару» аясында кездесу өтті.

Жобаның мақсаты – климаттық қауіпті басқаруды нығайту және өңірдегі төтенше жағдайларға дайындықты арттыру. Жоба 2022–2026 жылдары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР ТЖМ және «Қазгидромет» РМК-ның қатысуымен жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында Шу өзені бассейні бойынша климаттық қауіпті бағалау қорытындылары, гидрологиялық модельдеуді жетілдіру және ерте ескерту жүйелері, сондай-ақ өңірлік диалог алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.

Атап өтілгендей, жоба өңір елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, климаттық және гидрологиялық үдерістерді мониторингілеу сапасын арттыруға және климаттың өзгеруіне бейімделу саласында мамандар даярлауға ықпал етеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз