Қазақстанның үш облысында жаңа агропосттар орнатылды

IconЖарияланды 24.09.2025

«Қазгидромет» РМК 2026 жылдың басынан жеті жаңа агрометеорологиялық пост ашуды жоспарлап отыр. Заманауи автоматтандырылған агрометеорологиялық посттар Акмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында БҰҰДБ-ҒЭҚ «Қазақстанның солтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты жүйесін ілгерілету және ландшафт экожүйелерін сақтау» жобасы аясында орнатылды.

Агропосттарда дәнді дақылдарға және олардың дамуына әсер ететін негізгі метеорологиялық параметрлерге бақылаулар жүргізілетін болады.

Бақылау желісін кеңейту тұтынушыларды өзекті ақпаратпен қамтамасыз етіп, аграрийлер үшін арнайы агрометеорологиялық болжамдарды нақтылауға мүмкіндік береді.

Жаңа агропосттардың орнатылуы агроклиматтық жағдайларды бақылау сапасын арттырып, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егіс және жинау жұмыстарын тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз