Бүгін Астана қаласындағы КММ «№19 орта мектептің» 10-сынып оқушылары Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазгидрометке» экскурсияға барды.
Экскурсия барысында мектеп оқушылары ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қызметімен танысып, мамандардың ауа райы мен су тасқыны болжамдарын қалай жасайтынын, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылау деректерінің ауыл шаруашылығына қалай көмектесетінін білді. Мысалы, бидай мен басқа да ауыл шаруашылық дақылдарын егудің қолайлы мерзімдерін анықтау үшін.
Бұл экскурсия балаларға метеорологтар мен гидрологтардың жұмысын ішінен көруге ғана емес, сонымен қатар гидрометеорологиялық бақылаулардың қоғамның күнделікті өміріндегі маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.