РМК «Қазгидрометте» Стокгольм конвенциясының өңірлік орталығының (RECETOX, Чех Республикасы) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Талқылау барысында тараптар Стокгольм конвенциясы аясындағы Тұрақты органикалық ластаушыларды (ТОЛ) ғаламдық мониторингтеу жоспарының төртінші кезеңін іске асыру шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
Әсіресе, ауа мен судан сынама алу, деректер алмасу және «Қазгидромет» пен RECETOX арасындағы техникалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы ТОЛ деңгейіне қатысты жаңа деректер алуға, қолданыстағы олқылықтарды толтыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мониторингтік іс-шараларды бастауға дайындықты және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға уағдаласты.