Гидрологиялық ақпарат алмасу – өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың кілті: Финляндия мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесі

IconЖарияланды 20.08.2025

Кеңестің маңызды бөлігі гидрологиялық ақпарат алмасу мәселелерін талқылауға арналды. Финляндияның Сыртқы істер министрлігі осы саладағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін ұсынып, өңірлік ерте ескерту жүйелерінің тиімділігін арттыру үшін деректерді ашық әрі уақтылы алмасудың маңыздылығын атап өтті.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы гидрология саласындағы трансшекаралық өзара іс-қимылға арналған презентация жасап, халықаралық ынтымақтастық тетіктері мен әртүрлі елдердің күш-жігерін біріктірудің сәтті тәжірибелерін қарастырды.

Ерекше қызығушылық тудырған Финляндия Қоршаған орта институтының (SYKE) баяндамасы болды. Сарапшылар Сава өзені алабы мысалында гидрологиялық ақпарат алмасудың өңірлік тетіктерін ұйымдастырудағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Талқылаулар барысында қатысушылар пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасты, одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, гидрологиялық деректер алмасудың тұрақты арналарын дамыту қажеттілігін атап өтті. Делегаттар мұндай алмасу тек болжамдардың сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар өңірлік әріптестікті нығайтуға және климаттық орнықтылық саласындағы жаһандық бастамаларды бірлесіп іске асыруға да маңызды үлес қосатынын ерекше атап көрсетті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз