ҚР батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады

IconЖарияланды 18.08.2025

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының метеорологиялық жағдайына батыс аймақтардан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклон әсер етуді жалғастырады. Ол ауыспалы бұлтты, найзағайлы жаңбырлы ауа райын қалыптастырады, күндізгі сағаттарда бұршақ пен екпінді желдің күшеюі ықтимал. Күшті жаңбырлар 19 тамызда батыста және шығыста, 20–21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда еліміздің солтүстігінде күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде антициклонның ықпалымен негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасы солтүстік өңірлерде төмендейді: түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C болады. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C шамасында, күндіз аздап көтеріліп, +22…+29 °C дейін жетеді. Қалған аймақтарда ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз