Кезеңнңің басында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. 19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Кезеңнңің соңында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жүреді. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады.
Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С дейін, солтүстік-батыста және шығыста – 40°С, оңтүстік-шығыста – 42°С дейін күтіледі.