30 маусымда ИГСНВ РА VI бойынша Өңірлік орталықтардың кезекті онлайн-кездесуі өтті

IconЖарияланды 01.07.2025

2025 жылғы 30 маусымда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) Интеграцияланған ғаламдық бақылау жүйесі (ИГСНВ) бойынша Еуропа үшін VI аймақтық қауымдастығының (РА VI) Өңірлік орталықтарының “Екінші тоқсандық үйлестіру кеңесі” өтті

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Еуропа бойынша VI аймақтық қауымдастығы (РА VI) аясында Интеграцияланған ғаламдық бақылау жүйесі (ИГСНВ) жөніндегі Өңірлік орталықтардың “Екінші тоқсандық үйлестіру кеңесі” онлайн форматта өтті.

Кеңеске қатысушылар қатарында келесі елдердің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері болды: Румыния, Босния және Герцеговина, Түркия, EUMETNET, сондай-ақ Қазақстан Республикасы (Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен бірлесе отырып).

Кеңес аясында «Қазгидромет» РМК 2025 жылдың екінші тоқсаны бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынды.

Айта кету керек, 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан, Ресей Федерациясы және Беларусь елдерінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері пилоттық режимде ИГСНВ РА VI бойынша “Таратылған Өңірлік орталықтың” қызметін жүзеге асырып келеді.

Өңірлік орталықтың рөлі — жерүсті бақылау пункттерінен келіп түсетін деректердің қолжетімділігі мен сапасын тексеру. Бұл өз кезегінде, жаһандық орталықтар шығаратын сандық ауа райы болжамдарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық кезең сәтті жүзеге асқан жағдайда, Өңірлік орталықтың қызметі ДМҰ Атқарушы кеңесінің отырыстары шеңберінде ресми түрде бекітіліп, Қазақстан, Беларусь және Ресей “Таратылған Өңірлік орталық” ретінде толыққанды жұмысын бастайды деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы атынан іс-шараға «Қазгидромет» РМК-ның Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, жоспарлау және есептілік басқармасының өкілдері қатысты: басқарма басшысы — Зайнулдинова Динара Ешмұханбетқызы және жетекші инженер — Маратова Даяна Аслановна.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз