Қазгидромет мамыр айына арналған құрғақшылық болжамына нақтылауды шығарды

IconЖарияланды 08.05.2025

Мамыр айында орташа құрғақшылық болжанады:

Қостанай облысының Аманкелді, Жанкелді аудандарында және ішінара Арқалық қаласының маңында,

Батыс Қазақстан облысының Теректі, Казталов, Жаңыбек, Жаңақала, Ақжайық және Бөкейорда аудандарында,

Атырау облысының Құрманғазы ауданында

Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында  

Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында,

Абай облысының Аягөз ауданында,

Алматы облысының Балқаш ауданында,

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында,

Түркістан облысының Созақ ауданында,

Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында.

Ақтөбе облысының Қобда ауданында және Ақтөбе қаласының маңында орташа ылғалды жағдайлар болжанады.

Қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады.

Болжаммен толығырақ Қазгидромет" РМК сайтында және қосымшада танысуға болады www.agrodata.kz.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз