Өрт қаупі болжамы

Өрт қаупі бар маусым қар жамылғысы ери бастаған сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа-райы орын алғанға дейін немесе қар жамылғысы пайда болғанға дейін жалғасады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан облыстары бойынша өрт қаупі туралы болжам шығарады.

Өрт қаупі көрсеткіші құрғақ және ыстық ауа-райының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде жалғасу кезеңіне байланысты болады. Өрт қаупінің дәрежесі мынадай 5 сынып бойынша сипатталады:

1-сынып - өрт қаупі жоқ;

2-сынып – аздаған өрт қаупі;

3-сынып - орташа өрт қаупі;

4-сынып - жоғары өрт қаупі;

5-сынып - төтенше өрт қаупі.

4-сынып (жоғары өрт қаупі) және 5-сынып (төтенше өрт қаупі) өрт қаупі көрсеткіші анықталған кезде «Қазгидромет» компаниясы өрт қаупі туралы дауылды ескертулер шығарады және бұл жөнінде барлық мемлекеттік органдарға, ҚР ТЖМ Дағдарыстық жағдайларды басқару орталығына (ДЖБО), облыстардың ТЖД, қалалардың, облыстардың әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға дауылды ақпаратты хабарлаудың бекітілген сұлбасына ("Қазгидромет" РМК Бас директоры бекіткен) сәйкес жедел хабарланады.

СМС-хабарлама түріндегі барлық дауылды ескертулер
112 хабарландыру жүйесі арқылы жіберіліп, "Darmen ТЖ - Kazakhstan ТЖД" қосымшасында көрсетіледі және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында
(https://www.kazhydromet.kz/ru/) және БАҚ-та орналастырылады.

 Күн сайынғы гидрометеорологиялық бюллетеньде Қазақстанның әрбір облысы бойынша өрт қаупі сыныбы көрсетілген өрт қаупі  болжамы орналастырылатын болады.

Жоғары ауа температурасы, жауын-шашынсыз ауа-райы болжанған, өрт қаупі көрсеткіші өсе түскен сәттен бастап барынша күнібұрын (1-7 тәулік) дауылды ескертулер шығарылатын болады.


 

2026 жылдың 22 қыркүйекте арналған өрт қауіпі болжамы.

Павлодар, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.