Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы

 

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 10 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы

       Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа-райының тұрақсыз сипатын сақтайды, найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі, елдің солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстікте  антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда, түнде оңтүстігінде  шаңды дауыл болады, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облысының шығысында, Қостанай облысында, оңтүстікте, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақтөбе облыстарынын солтүстігінде , батысында, шығысында, Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облыстың орталығында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, батысында, орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.