Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 06 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы
Циклон мен атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, елдің солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасынмен, оңтүстікте шаңды дауылмен, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады. Қазақстан бойынша тұман болжанады.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында 1-2 градус үсік күтіледі.
Атырау облысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы, Ақтөбе облыстарының шығысында, Жетісу облысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында және Абай облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.