Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
Көктемге арналған Қазақстан аумағы бойынша 2023 жылғы наурыз-мамыр айларына маусымдық ауа райы болжамы
Маусымдық болжам жылына алты рет жасалады: жылы жарты жылдыққа арналған 1 болжам және суық жарты жылдыққа арналған 1 болжам, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күз маусымдарына арналған 4 тоқсандық болжаммен нақтыланатын болады:
Наурыз - көктемнің бірінші айы. Міне, ұзақ уақыт болған аяз көптен күткен көктемгі жылумен ауысады. Наурыз айында орташа айлық ауа температурасы Қазақстан Республикасының басым бөлігінде нормадан 1° жоғары, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батыс жартысында норма шамасында күтіледі.
Сәуір - Қазақстанның барлық аумағында көктемнің басталу уақыты, тек сәуірдің бірінші жартысында республикамыздың солтүстік-шығысында, екінші жартысында еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аудандарында қар жамылғысы сақталады. Республиканың басым бөлігіндегі ауа температурасы нормадан 1° жоғары, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - норма шамасында деп болжанады.
Синоптикалық процестердің жиі өзгеруіне байланысты өтпелі кезең өте тұрақсыз, сондықтан көктем өзінің тосын сыйларын алып келуі мүмкін. Мысалы, солтүстік аймақтарда суық ауа массаларының ағыны кезінде бұрқасынмен қар жаууы мүмкін, ал оңтүстік аймақтарда арктикалық енуі кезінде үсік байқалуы мүмкін.
Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың батысында нормадан 1° жоғары болады деп күтіледі. Алайда, Қазақстанның солтүстік-шығысында мамыр күндері ауа температурасы климаттық нормадан 1° төмен болады деп күтілуде, "мамыр алдап, орманға кетеді" деп бекер айтпаған, суық әлі де болады, бірақ әдетте қысқа уақыт.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында және оңтүстік-батыс бөлігінде норма шамасында болжанады. Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында, еліміздің батысында, орталығында, солтүстік-шығысында, оңтүстік облыстарының солтүстігінде нормадан аз, ҚР оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында нормадан көп болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында норма шамасында болжанады (Шығыс Қазақстан облысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола облысының қиыр солтүстігінде, Абай облысының шығыс жартысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының қиыр оңтүстік-шығысында).