Ертіс ауылының климаттық сипаттамасы

Icon Жарияланды 05.11.2026
Ертіс ауылының климаттық сипаттамасы

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Ертіс ауданының аумағындағы ауа температурасының көпжылдық бақылаулар кезеңінде тіркелген абсолюттік көрсеткіштері төмендегідей:

Қаңтар — абсолюттік минимум −45,6 °C (2006 жыл), абсолюттік максимум +2,8 °C (1948 жыл).

Ақпан — абсолюттік минимум −43,7 °C (1951 жыл), абсолюттік максимум +5,1 °C (2016 жыл).

Наурыз — абсолюттік минимум −38,7 °C (1945 жыл), абсолюттік максимум +20,3 °C (2014 жыл).

Сәуір — абсолюттік минимум −25,0 °C (1969 жыл), абсолюттік максимум +32,8 °C (1972 жыл).

Мамыр — абсолюттік минимум −9,9 °C (1936 жыл), абсолюттік максимум +37,8 °C (2021 жыл).

Маусым — абсолюттік минимум −1,3 °C (2022 жыл), абсолюттік максимум +40,7 °C (1970 жыл).

Шілде — абсолюттік минимум +4,8 °C (1947 жыл), абсолюттік максимум +41,8 °C (1940 жыл).

Тамыз — абсолюттік минимум −1,9 °C (1947 жыл), абсолюттік максимум +39,1 °C (2012 жыл).

Қыркүйек — абсолюттік минимум −7,0 °C (1938 жыл), абсолюттік максимум +37,3 °C (2022 жыл).

Қазан — абсолюттік минимум −20,0 °C (1976 жыл), абсолюттік максимум +28,9 °C (2004 жыл).

Қараша — абсолюттік минимум −40,7 °C (1987 жыл), абсолюттік максимум +16,6 °C (1955 жыл).

Желтоқсан — абсолюттік минимум −44,6 °C (1938 жыл), абсолюттік максимум +3,8 °C (1983 жыл).

«Қазгидромет» мамандары климаттық жүйеге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, ауа температурасының көпжылдық өзгерістерін және басқа да метеорологиялық көрсеткіштерді талдайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз