Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 20 наурыздағы топырақтың қату тереңдігі
2026 жылғы 20 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, елдің басым бөлігінде топырақтың тоңдануы байқалады. Тек елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде — Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Алматы облысының жекелеген аумақтарында топырақ жібіген.
Елдің солтүстік бөлігінде топырақтың тоңдану тереңдігі арта түсуде. Ең жоғары көрсеткіштер солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және орталық өңірлерде тіркелген: Павлодар облысында 248 см-ге дейін (2025 жылы — 150 см-ге дейін), Қостанай облысында 233 см-ге дейін (2025 жылы — 168 см-ге дейін), Ақмола облысында 187 см-ге дейін (2025 жылы — 160 см-ге дейін), Солтүстік Қазақстан облысында 201 см-ге дейін (2025 жылы — 104 см-ге дейін), Қарағанды облысында 150 см-ге дейін (2025 жылы — 125 см-ге дейін).
.
2026 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы топырақтың қату тереңдігі.
