Топырақтың қатуы

2026 жылғы 20 сәуірдегі топырақтың тоңдану жағдайы

Екінші онкүндік бойы топырақтың белсенді түрде жібіуі жалғасты, 20 сәуірдегі жағдай бойынша топырақтың қатуы еліміздің солтүстік-шығысында, сондай-ақ солтүстік-батыс пен солтүстіктің жекелеген аудандарында ғана шағын аумақта сақталуда.

Павлодар облысының ең солтүстік-шығысында топырақтың үстіңгі қабаты жібігенімен, 92–137 см тереңдікте қату сақталған; Успен, Шарбақты және Қашыр аудандарында кей жерлерде топырақтың қату тереңдігі 180–206 см-ге дейін жетеді.

Сондай-ақ Ақмола облысының Сандықтау және Целиноград аудандарының жекелеген нүктелерінде, Қостанай облысының Денисов, Қарасу және Федоров аудандарында, Қарағанды облысының Осакаров ауданында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев және Ғ. Мүсірепов аудандарында топырақтың қатқан қабаты 40–110 см-ден астам тереңдікте сақталуда.

2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы топырақтың қату тереңдігі.