Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
Сәуір айында ауа райы жылы және жауын-шашынды күтіледі.
Осы айдың ішінде барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, екпінді жел және температураның ауытқуы күтіледі.
Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны:
ҚР солтүстік жартысында түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С құрайды;
оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С.
Онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның басып кіруіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз +2+10°C-қа дейін, оңтүстік жартысында антициклонның ықпалы және ауа температурасының төмендеуі онкүндіктің соңында болжануда, түнде термометрлердің сынап бағаналары +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді.
Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі суыту толқыны күтіледі және ауа температурасы келесідей төмендейді:
солтүстік жартысында түнде -3 +7°С-қа, күндіз +2+13°С-қа дейін;
оңтүстік жартысында түнде 0, +10°С-қа, күндіз + 12 +22°С-қа дейін.
Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массасын шығару арқылы күндізгі уақытта солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін температуралық аяның жоғарылауы байқалатын болады.
Ескерту: сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.