Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
"Қазгидромет" РМК 2021 жылдың 10-16 сәуір аралығына арналған кезекті апта сайынғы гидрологиялық болжамын шығарды. NASA спутниктері суреттерінің деректері бойынша, 2021 жылғы 2-9 сәуір аралығында "Қазгидромет" РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 40% - дан 22% - ға дейін азайды.
Жер үстіндегі бақылау пункттерінің деректері бойынша Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының өзен бассейндерінде, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының жекелеген өзендерінде қар жоқ.
Апталық синоптикалық болжамға сәйкес, кезеңнің басында республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында биік циклондармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді, желдің күшейеді. Одан кейін жоғары қысым аймағының орнауымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Кезең бойы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдері бар жауын-шашын күтіледі, жекелеген күндері кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Осыған байланысты республика аумағының жазық бөлігінде қардың қарқынды еруі және көрсетілген өңірлерде көлбеу ағынның қалыптасуы күтіледі.
Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы алуға болады https://www.kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz