Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2021 жылғы 10 наурызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК мен «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС арасында атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімнің мақсаты халыққа және мемлекеттік органдарға атмосфералық ауаның сапасы туралы ұсынылатын ақпаратты жетілдіру үшін атмосфералық ауада ластаушы заттарды таратудың қолжетімді әлемдік модельдерін пайдалану бойынша ұсынымдарды зерделеу және әзірлеу саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Өткен жылдың соңында AirKz мобильдік қосымшасы және экологиялық мониторингтің интерактивті картасы арқылы «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС жеке бақылау желісінің 41 станциясынан «Қазгидромет» РМК желісіне деректерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілгенін еске саламыз (11 станция – Алматы қаласында, 10 станция – Қарағанды қаласында, 10 станция – Теміртау қаласында, 5 станция – Балқаш қаласында және 5 станция-Жезқазған қаласында).
«Қазгидромет» РМК Ұлттық желіні жетілдіру және халықтың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Қазақстанның барлық аумағы бойынша атмосфералық ауаның сапасы «AirKZ» мобильдік қосымшасында және «Қазгидромет» РМК экологиялық ақпараттың интерактивті картасында https://maps.hydromet.kz/. көрсетіледі.