2026 жылғы 21–23 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 20.11.2026

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді. Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, еліміздің солтүстігінде көктайғақ құбылыстары болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз