Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК-ға Harmony Global School халықаралық мектебінің оқушылары келді. Танымдық экскурсия барысында оқушылар Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметімен, тарихымен және негізгі жұмыс бағыттарымен танысты.
Оқушылар метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулардың қалай жүргізілетінін, қоршаған орта жағдайына мониторинг жасау, ауа райы болжамдарын әзірлеу үдерістері туралы ақпарат алды.
Оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырған нысандардың бірі – Гидрометорталық болды. Онда олар синоптиктердің жұмысымен, метеорологиялық деректерді талдау және ауа райы болжамдарын әзірлеу үдерістерімен жақынырақ танысты.
«Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық ғылымды кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың табиғи үдерістер мен қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.