Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр, ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
Ауа температурасы:
Еліміздің батысында түнде ауа температурасы +2+8°С-тан +6+11°С-қа дейін жоғарылайды, 16 қарашада -2+3°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз +8+13°С-тан +1+8°С-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4+9°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +5+10°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы негізінен -3+3°С, күндіз +2+9°С-тан +4+11°С-қа дейін аздап жоғарылайды.
Солтүстікте түнде ауа температурасы негізінен -5+2°С, күндіз -2+3°С-тан 0,+5°С-қа дейін аздап жоғарылайды. Павлодар облысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз -2+3°С-қа дейін төмендейді.
Орталықта түнде ауа температурасы негізінен -2-10°С, күндіз -3+5°С болады.
Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде -1-8°С-тан -6-13°С-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -5+3°С болады.
Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы негізінен -5+3°С, күндіз +5+12°С-тан +7+15°С-қа дейін жоғарылайды.
Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -1-6°С-тан -5-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -9-14°С-тан -13-18°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +2+10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, таулы аудандарда -1-6°С-тан -3-8°С-қа дейін төмендейді.