«Қазгидрометте» «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

IconЖарияланды 09.11.2026

«Қазгидромет» РМК-да Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар мен оларды іске асыру міндеттері қаралды. Елдің дамуы, цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және мемлекеттік ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында «Әділет» партиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге, өзекті міндеттерді талқылауға және қойылған мақсаттарды іске асыруда әрбір ұйымның рөлін айқындауға мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз