2026 жылғы 5–7 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 04.11.2026

Жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның орнын солтүстік циклонның терең ойығы басады. Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерінде ауа райының нашарлауына себеп болады. Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары болжанады. 5–6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.

Ауа температурасы батыста түнде 0,+7°С, күндіз +3+14°С, солтүстік-батыста түнде -1-8°С, күндіз +1+15°С болады. Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3-8°С-тан +1+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5+13°С-тан +1+10°С-қа дейін төмендейді. Елдің шығысында түнгі температура -3-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін жоғарылап, күндіз +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз