Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 3 қарашада Жетісу университетінің студенттері Талдықорған қаласындағы метеорологиялық станцияға барып, оның жұмыс ерекшеліктерімен танысты.
Экскурсия барысында студенттерге метеорологиялық станцияның жұмысы, ауа райын бақылауға арналған жабдықтар мен аспаптар, сондай-ақ метеорологиялық өлшеулерді жүргізу тәртібі таныстырылды.
Мамандар метеорологиялық қызметтің жұмысы туралы қосымша ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Мұндай танымдық кездесулер болашақ мамандарға теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге, метеорологиялық қызметтің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға және осы салаға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.